Олар ескертпелерге мән бермей жолға шыққан екен. Баянауыл ауданына жеткенде көліктері омбы қарға батыпты. Қар құрсауында қалған 10 шақты жеңіл машинаны құтқарушылар аршып алды. Осы ауа райының қолайсыздығынан түнде Қызылорда-Павлодар тас жолы жабылды. Еліміздің орталық аймағы – Қарағанды облысында да қалың қар жауып, арты боранға ұласқан. Қазір Астана мен Қостанайға қатынайтын жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Облыс аумағындағы барлық жолдарында кешелі бері құтқарушылар тыным көрмей, жүзден аса адамды құтқарды.
Loading...