Министр республикадағы көшi-қон бақылауын қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Соңғы үш жылда ресми статистика бойынша бiздiң елiмiзге 5,6 миллион шетелдiк азамат келдi. Олардың 90 пайыздан астамы - Тәуелсiз мемлекеттер достастығының азаматтары. Негiзiнен, олар Өзбекстан, Ресей және Қырғызстаннан келген. Сондай-ақ, алыс шетелден келген мигранттар қатары көбейген. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға дейiн жеттi. Олардың көбi - Қытай және Түркия азаматтары. Осы бағыттағы бiздiң басты мiндетiмiз - заңсыз көшi-қонмен күресу. Себебi, бұл елiмiздегi қоғамдық тәртiп үшiн қауiптi фактор. Өйткенi, миграцияның есiрткi бизнесi, адам саудасы, экстремизм және терроризммен байланысты болған кездерi аз емес», - дедi Қасымов.
Министрдiң айтуынша, бұл салада бақылау мен реттеу тиiмдi ұйымдастырылмаса, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына зиян келуi мүмкiн.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды
Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады
Қазақстанда тұңғыш рет ұшақты әйел басқарды