"Осындай шараны қолға алу туралы бастаманы біздің агенттік көтерді. Біз осы бағытта ҚР ҰҚК, ҚР әділет министрлігі, ҚР бас прокуратурасы мен басқа да қадағалаушы органдармен бірлесе әрекет етуді ұсынып отырмыз",- деді Қанат Досмұхаметов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның резиденті болып табылмайтын сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің республика аумағында лицензия алмай, заңсыз жұмыс істеуі жалпыхалықтық сипат алып, қаржылық пирамида кейпіне көше бастады. Қазіргі жағдаймен "Si Save Invest Limited", "Medlife" және "American Sacuritylife" тәрізді компаниялардың заңсыз әрекеттері әшкереленіп отыр. Осындай компаниялардың елімізде жұмыс істеуі капитал ағынының Қазақстаннан тысқары ағылу қаупін күшейте түсті.
Ресейде осындай іс-қызметке баға беруге талпыныс жасалған көрінеді. Тек соңғы бірнеше жылда бір ғана "Si Save Invest Limited" компаниясы 2,5-4 млрд. доллар көлеміндегі қаржыны Ресейден шығарып әкеткен.