Елімізде сәбилердің шетінеуі біршама төмендеді - Денсаулық сақтау министрі

Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі маңызды көрсеткіштерінің бірі бала шетінеуін төмендету болып саналатындығын баса айтқан министр: «2008 жылдан бергі көрсеткіштердің төмендеу қарқынын ескерер болсақ, онда біз 2018 жылға қарай Еуроодақ көрсеткіштеріне қол жеткізетін боламыз әрі біздің көрсеткіш  мың туылған балаға 3,5-ті құрайды», - деді.


Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, 2007 жылы республикада дүние есігін ашқан мың сәбидің 14,7-сі шетінейтін.

«Бұл ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш болатын», - деген министр өткен жылы бала өлім-жітімінің көрсеткіші 11,3-ті құрап, біршама төмендегенін жеткізді.