Сенбіге сәйкес келген осы тыныштық күнінде халық ойланып кімге дауыс беретіндерін шешуі керек. Жалпы Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов, Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды науқанына қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Ал еліміздегі 10 мыңға жуық сайлау учаскелері саяси доданы өткізуге тыңғылықты дайын. Тіпті тасқынымен күресіп жатқан төрт аймақ – Ақмола, Қарағанды, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары да жіті бақылауға алыныпты.
Марат Сәрсембаев, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
-Керекті жабдықтың бәрі орнында, жылжымалы жәшіктер, кабиналар бәрі орнында. Бюллетендер облыстық және аудандық комиссияларға түсіп, бүгін-ертең учаскелерге түседі.
Loading...