Елімізде сәуір айында қауіпті нысандардың қожайындарын сақтандыру шарасы басталады

Министрдің айтуынша, қазір басшыларының жауапкершілігі сақтандырылуы тиіс 700 ұйымды қамтитын мемлекеттік реестрдің жобасы жасалуда.

Сонымен бірге М.Көпейдің айтуынша, ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздік декларациясын тапсыру ережелері мен нысандардың қауіптілігін анықтауға қойылатын басты талаптар бекітілген. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен аталмыш қаулыға сәйкес өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздігі туралы 2005-жылы декларация тапсыруы тиіс өнеркәсіптік нысандардың тізіміне енген 265 ұйым декларация өткерді, тізімге 127 ұйым жаңадан енгізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы Қазақстанда 3041 адам өндірісте жарақаттанды. Олардың арасынан 356 адам қаза тапты. Қауіпті өндірістік нысандарда жарақаттану көрсеткіші артты. Министрліктің мәліметіне сәйкес, осындай кәсіпорындарда өлім құшқан адамдар саны 76 адамға жетті. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 43 процент артық.