Елімізде сегіз адам көмірқышқыл газынан уланып, үш адам қаза тапты

Алматының Түркісіб ауданында үш адамы бар отбасы көмірқышқыл газынан уланып, екі адам оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханаға түсті.

Атырауда жеті және бір жастағы екі бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатты.
Жамбыл облысындағы Ровное ауылында газдан уланған бір адам оқиға орнында жан тәслім етсе, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, барлық жағдайға да пештің ақауы түрткі болған.