Елімізде Су-27 атқыш ұшағы апатқа ұшырады

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Бүгін, 21 желтоқсанда түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиғаның салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор А.Ысқақов бар мүмкіндігін салды және ұшақты елді мекеннен алшақ алып кетіп, катапульталанды", - делінген министрліктің ресми пікірінде.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның себебі мен мән-жайын ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тағайындаған комиссия анықтап жатыр.