Елімізде сыраны пластикалық құтыда сатуға тиым салынды

Сыраны сатуға болмаса тұтынуға тыйым емес бұл. Дегенмен енді ішімдікті пластик ыдысқа құюға болмайды. Оған заң жүзінде тыйым салынуы бекер емес. Өйткені алкоголь мен пластик құрамындағы химикаттар қосылса, ағзаға өте қауіпті екені ғылыми дәлелденген. Сондықтан құзырлы орындар енді заңды өрескел бұзғандарға қарсы ауқымды шара жүргізгелі отыр.

Ерқанат Нұрбаев, Алматы қаласы Cалық департаментінің басқарма бастығы:

-Заңға сәйкес пластикалық құтылардағы алкогольді ішімдікті сатуға мүлдем тыйым салынады. Тіптен пластик ыдыста сақтауға да болмайды. Және мәселен сатып алушы сыра алуға өзінің пластикалық ыдысымен келсе де оған құйып саудалауға қатаң тыйым салынады.

Ол аз десеңіз, демалыс орындарында алкогольді ішімдікті пластикалық стаканға құйып беруге болмайды. Тілді алмаймын дегендердің арқасынан заң бойынша таспа тілмек тексерушілер. Бірақ Алматыдағы сыра сататын орындар әзірге бұл заңды атүсті естіпті. Алайда, орындап жатқаны жоқ. Пластик құтыларды тау-тау қылып үйіп қойып, тұтынушыларға таратуда. Жаппай пластиктен бас тартсақ ісіміз құрдымға кетеді деп отыр. Бірінші кезекте шыны ыдыстардың бағасы 2-3 есе қымбат.


Николай, сыра сатушы:

-Бұл жерде жабатын шығармын, амал жоқ. Сыра сататын мезгілде өтіп барады, тұтынушылар онсызда азайды. Ал пластик құтымен сатқызбаса әйнек құты ала алмаймыз. Өйткені ол 2-3 есе қымбат тұрады. Мен ғана емес, осы бизнестегі әріптестерімде не істерлерін білмей отыр.

-Сыра сатушылар сең соққан балықтай сенделіп жүр осылай. Көбі қазірдің өзінде сауда орындарының есігіне қара құлып ілген. Ал қаннен қаперсіз шыққан заңға пысқырмай отырғандар болса, оларды тексерушілер іздеп тауып істерін майшаммен қарамақ. Басында бәрі осылай басталады, тек арты тағы да сиырқұйымшақтанып кетпесе болғаны.