Оған қожалық етуге әлемге әйгілі канадалық «Бомбардьер» компаниясы ниет танытып отыр. Оның басшысы Пьер Бодуэн бүгін Ақордада Елбасымен келіссөз жүргізді. «Бомбардьер» нарыққа енсе, ішкі рейстердің құны біршама арзандауы мүмкін. Оның үстіне авиация саласын меншіктеп алған «Эйр-Астанаға» нағыз бәсекелес табылады. Ал шетелдік компанияның жоспары ауқымды. Елімізге ұшқыштар әзірлеуге де көмектесіп, бұл салаға жаңа технологияны ендірмек.