Елімізде "темекі тауық" пайда болды

Ал әлгі әлгіндей жазуы бар ораманың суретін белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт Фейсбуктегі парақшасына салған, деп хабарлайды Caravan.kz. Орама сыртындағы жазуда "Цыпленок табака" дегенді "Темекі тауық" деп аударыпты.

Суреттің астына белгілі журналист Евгений Дробязко былай деп пікір жазған: "Бұл ("Цыпленок табака" - ред.) - астың атауы. Темекіге (орысша айтқанда "табакқа") ешқандай қатысы жоқ. Бұл - грузин халқының асы. Ал ол грузин тілінде "табака" - табаның бір түрі. Аталған асты дәл осы ыдыспен дайындайды. Сондықтан бұл тауық солай аталады. Біздегі "аударғыштардың" істемейтіні жоқ қой!" 


"Цыпленок табаканың" анықтамасы. Gastronom.ru фотосы