Форумға ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, Халықаралық еңбек ұйымы директорының орынбасары- ұйымның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық департаментінің директоры Фридрих Буттлер, республикалық, салалық және аймақтық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ, парламент депутаттары мен үкімет мүшелері қатысады.
Бас қосуға қонақ ретінде Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Германия және АҚШ елшіліктерінің өкілдері шақырылған.
Форумда үкімет басшысы Д.Ахметов сөз сөйлеп, республикадағы әлеуметтік әріптестік ахуалы туралы вице-премьер Бірғаным Әйтімова баяндама жасайды.