Осы қаулыға сәйкес Алматы облысы бойынша Алакөл ауданының Екпінді орта мектебіне - профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Малғаждар Әубәкіровтың;
Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылының № 6 орта мектебіне - тарихшы-ғалым Қадырғали Жалаиридің;
Алакөл ауданы Үшарал қаласының аудандық Мәдениет үйіне - халық әртісі Зейнеп Қойшыбаеваның;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Баршатас ауылының № 1 мектебіне - Оспанқұл Меңаяқұлының;
Алматы қаласы бойынша Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына - Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Изатима Жекенованың есімі берілді
Алматы облысы бойынша Ескелді ауданы Матай Байысов ауылының Дзержинский атындағы орта мектебі - халық ақыны Темірғали Рүстембеков атындағы орта мектеп; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Октябрь атындағы орта мектебі - Тарбағатай орта мектебі деп өзгертілді.