Н.Назарбаевтың айтуынша, форумда "азаматтық қоғамның басым бөлігін қамтитын осынау сегмент пен мемлекет арасындағы ықпалдастық тетіктері айқындалуға тиіс".
Осы орайда Елбасы қазір елімізде мәслихат сайлауы қарсаңындағы науқанды жұмыстардың басталғанын еске сала отырып, "биылғы жылдың бір ерекшелігі, халық арасында жоғары белсенділік байқалуда. Сайлау алдындағы науқанға қоғамдық бірлестіктер түгелдей дерлік қатысып отыр. Мәслихат сайлауынан үміткер ретінде тіркелген 7,5 мың кандидаттың арасында елімізде өмір сүретін көптеген ұлттардың өкілдері бар",- деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысының айтуынша, "сол арқылы біз қандай ұлттың өкілі екеніне қарамастан Қазақстан азаматтарының теңдігі туралы Конституциялық тәртіпті іс жүзінде жүзеге асырып отырмыз. Бұл тек Заңда көрсетілген тәртіп емес, бұл Қазақстанда қай-қашаннан қалыптасып келе жатқан үрдіс",- деп түйді өз сөзін Н.Назарбаев.