Елімізде ұялы байланыс абоненттерінің саны қарапайым байланыс қызметін тұтынушылар санынан артты

Д.Оразалиновтың айтуынша, еліміздегі ұялы байланыс абоненттерінің саны 3 млн. адамнан асты. Ал қарапайым байланыс қызметін тұтынушылар саны 2,5 млн. адамды құрайды. Оның айтуынша, ұялы байланыс абоненттерінен шамамен 2 млн. адам GSM - K-Cell қызметін тұтынса, 2,4 млн. адам "Қазақтелеком"АҚ-ның қарапайым байланыс желісінің қызметін тұтынады.

2005-жылдың 1-тоқсанындағы жағдаймен еліміздегі телефон байланысын сандық жүйеге алмастыру көрсеткіші 64,4 процентті құрады. Әрбір 100 тұрғынға шаққанда телефонмен қамтамасыз етілу көрсеткіші 16,2 болды. "Қазіргі жағдаймен 50-ден жоғары тұрғындары бар 863 елдімекен, 1811 ауылдық мектеп пен ауылдық жерлердегі 2196 фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер телефон байланысы қызметін тұтына алмай отыр",- деді ол.