Елімізде ыстық ауа райы әлі де сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ""Қазгидромет" РМК.

Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Батыс-Қазақстан, күндіз Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге болады.

Күндіз Кызылорда облысында өте қатты ыстық, Алматы, Жамбыл, кей жерлерде Оңтүстік-Қазақстан облысының, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.    

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Астана қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С болады.