Қазақстанның басым аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек республиканың солтүстігінде, батысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с бұрқасынмен қатар күшеюі күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық ауа райы сақталады, Жамбыл, Кызылорда облыстырынд, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте ыстық ауа райы сақталады.
Алматы, Кызылорда, Атырау, кей жерлерде Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз ++28+30°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+35°С болады.