Елімізде заңдастыру науқаны күткендей нәтиже бермей жатыр

Максим Попов – Каскелең қаласына қарасты аумақтағы мына шағын үйдің иесі. Қолында 8 сотық жерді иеленуге құқық беретін мемлекеттік актісінен өзге құжаты жоқ. Қазір заңдастыру науқанының аясында соны реттеумен жүр. Бірақ 4 айдан бері ісі бітер емес.

Максим Попов, Қаскелең қаласының тұрғыны:

- 2014 жылдың 14-қазанында құжаттарымды Қарасай ауданының заңдастыру бөліміне өткізгем. Міне, 4 ай болды, бітер емес. Келсең, әне-міне деп, қайтарып жібереді. Ал заң бойынша, 30 жұмыс күнінің ішінде бітуі тиіс.

Тілшілермен бірге келген соң ба, Максимнің 4 айда реттелмеген құжаты шұғыл реттеле қалды. Сұрастырсақ, заңдастыру комиссиясы мұнда келгеннің барлығының да құжатын кешіктіріп жатыр екен. Жауапты мекемедегілер оның себебін өтініштің тым көптігімен түсіндіріп отыр.

Жұмағали Төлбаев, Қарасай аудандық заңдастыру косиссиясының хатшысы:

- Қарасай ауданы – Алматы облысы бойынша ең көп құжат қабылданған аудан. Бүгінгі күнге 2 мың 224 құжат қабылданды. Оның сомасын санағанда – 15 млрд 92 мың теңге етілді. Соның заңдастырудың өткен құжат саны 608 құжат.


Ал Алматының өзінде жағдай мүлдем басқаша. Әйтпесе, заңдастыруға өтініш түссе, осы аймақтан «ең көп түсер» деп күтілген еді. Әсіресе, 8-ші болып, Наурызбай ауданы қосылғандықтан. Бірақ мұнда 5 ай ішінде небәрі 805 адам мүлігін рәсімдеуге келген.

Талғат Тойбаев, Алматы қаласы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлік бойынша бас маманы:

- Оның 761-і тіркеуден өтті, 34-і тіркеуден бас тартылды. 9-ы мемлекеттік тіркеуден тоқтатылды. Оның түрлі себептері бар. Алматы қаласы бойынша ең көп мүліктер жария етіліп жатқан Алатау аданында, ең азы Наурызбай ауданында.

Қаңтарға жасалған соңғы есепке қарағанда, ел көлемінде 16 мың 46 адамнан мүліктік рәсімдеуге өтініш түскен. Одан түскен қаржы шамамен 125 млрд. теңгеге жуықтау. Ал капиталды жариялау жағына келсек, Ұлттық банк әзірге 9,6 млрд. теңгенің жиналғанын айтады. Науқанның аяқталуына әлі жылға жуық уақыт бар.

Loading...