Елімізде зейнетақы жаңа жүйе бойынша төленетін болды

Осылайша, шенеуніктер талай дауға себепкер болған әділетсіздікке нүкте қойдық деп отыр. Осыған дейін базалық зейнетақыны барлық қариялар бірдей алып келсе, енді еңбек өтіліне қарап төленеді. Еңбек өтілі жоқтарға базалық зейнетақы сол 10 мың теңгенің көлемінде қала бермек. Ал кемі 20 жыл аянбай тер төккендер қазіргіден 4 мың артық алса, 35 жыл еңбек еткендердің базалық зейнетақасы екі еселеніп 21 мың теңгеге дейін жетпек. Бірақ әзір емес, 3 жылдан соң. Бұл үшін республикалық бюджеттен 275 миллиард теңге қарастырылып қойған. Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап жұмыс берушілерге қызметкерлерінің шотына қосымша зейнетақы жарнасын аударып отыру міндеттелмекші.


 Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

-Барлық жұмыс істеушілерге жұмыс беруші тарапынан 5  пайыздық, міндетті зейнатақы жарнасы төлене бастайды. Бұл 2020 жылға дейінгі біздің тұжымдамада көрсетілген мәселе.