Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ

«Олардың басым көпшілігі ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚазҰТЗУ, Назарбаев Университетінде, Қазақ агротехникалық университетінде, ҚазҰПУ-да шоғырланған. Жыл соңына дейін конкурстық негізде үздік ЖОО іріктелетін болады. Олардың базасында министрліктің қаржылық қолдауымен «Академиялық басымдықтар орталығы» құрылады», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мұндай орталықтардың негізгі міндеті – жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру және әлемдегі өз зерттеулерін ілгерілету арқылы жаңагенерацияны зерттеушілерді даярлау.

«Нәтижесінде мұндай жоғары оқу орындары QS және Times Higher Education рейтингтерінде лайықты орын алуы тиіс. Сондай-ақ, докторанттарға оқу аяқталғаннан кейін министрлік тарапынан төлемсіз тағы бір жыл беру жоспарланып отыр. Оның ішінде оқуды жалғастыруға және санкциясыз қорғауға шығуға рұқсат етіледі», - дейді ол