Елімізде жаңа мереке бекітілуі мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.

Аталған жобаға сәйкес Ашық НҚАпорталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында «Мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн – «1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация» күні қосылады, - деп жазылған.


Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.