Елімізде жәрдемақы мөлшерін үш есе көтеру ұсынылды

Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы үштен бір бөлікке өседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz

2018 жылдың 10 қаңтарындағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың  жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына Жолдауында, Мемлекет басшысы еңбек өтілімі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жәрдемақылар көлемінің өзара байланысты  нығайтуды тапсырды.

Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  ҚР "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заң жобасының жаңа редакциясын  әзірледі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - құқықтық, экономикалық және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің параметрлерін қайта қарап, бекітіп  міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізін ұйымдастыруды күшейту.

Енгізілген өзгерістер  еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік жәрдемақы көлемі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліміне  және өзге де параметрлердің өзгеруіне қарай  өседі. 

Осылайша, заң жобасына сәйкес, әлеуметтік сақтандыру  жүйесіндегі өтілімі көп азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы  әр жылына 2 пайызға артады үстінен 5 жылды қосқанда. Ал мүгедектігі барлар үшін жұмысқа жарамсыз болып қалғанда   берілетін әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін еңбекке жарамсыздық белгілі бір дәрежеде орын алған фактіні ескере отырып белгілеу ұсынылады. 


Яғни әлеуметтік жәрдемақылар еңбекке жарамсыз болған жағдайда орташаланған коэфиценттерге тәуелді болмай, арнайы бекітіледі. 

Асыраушысынан айырылған отбасыларға, асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеуде қолданатын  асырауындағы адамдар санының коэффицентін көтеру ұсынылады. 

Жұмыссыз қалған тұлғаларға әлеуметтік жәрмақыларды белгілеу үшін,  табыс көзін  ауыстыратын коэффицентті 30 пайыздан дан 40 пайызға дейін көтеру ұсынылды. Сондай-ақ, бұл әлеуметтік төлемді алу уақытын 4 айдан 6 айға дейін ұзарту көзделген. 

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер  еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдемақылар  көлемін орташа  30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. 

Қазіргі күні заң жобасы ҚР Үкіметінің қарауында.