Елімізде жемқорлардың реестірі пайда болуы мүмкін

Отырыс Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның төрағалығымен және Мәжілістің вице-спикері Дәния Еспаеваның қатысуымен өтті. 3 кодекс пен 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Негізгі өзгерістердің қатарында сыбайлас жемқорлардың реестрін енгізу және пара беру туралы ұсыныс пен уәде үшін қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған.

Заң жобалары нормаларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов таныстырды. Ол түзетулер арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы ішінара іске асырылатынын атап өтті. Негізгі заң жобасы 6 бағытты қамтиды. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, ұсыныс пен уәде үшін қылмыстық жауапқа тарту. Сондай-ақ, пара алуға, сұрауға немесе талап етуге келісім беру тағы сол сияқты. Өзгерістер мен толықтырулар 3 кодекске, 5 заңға және әкімшілік кодекске енгізіледі.