Бұл туралы ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкілі Айдос Сағанаев өзінің Facebook-парақшасында жазды.
Оның айтуынша, өмірлік жар іздегендер мешітке келіп, имамдарға өтініш айтатын көрінеді. Сондықтан, молдалар WhatsApp-мессенджерінде арнайы топ ашып, отырып қалған қыз-жігіттердің басын қосумен айналысуға кірісіпті.
Кейбір бойдақ бауырларымыздың отбасы құруда жар іздеп немесе ер іздеп бізге де өтініш еткендер бар. Соған орай, WhatsApp желісінде никах деген атпен топ ашылған еді. Соған қосылыныздар. Мүмкін себепкерлік болар. Əрине ханымдар WhatsApp номерін жекеге мессенджерге жіберсеніздер болады. Бұл жерге номер қалдырманыздар, əр түрлі қара пиғылды адамдар бар», - делінген дін өкілінің жазбасында.
Дегенмен, Сағанаевтың бұл айтқанын қолдағандардан гөрі мазақ қылғандар саны көп. Олар молданың бұл әрекетін жеңгетайлыққа балап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Батыс Қазақстан елорда мерейтойына 500 млн теңгенің сыйлығын тарту етпекші