Елімізде жетім балаларды асырап алу табыс көзіне айналған

Бұл жүзі мейірімді, жүрегі жылы әйел 10 жастағы Алинаны 7 жыл бұрын қамқорлығына алған. Кішкентай қыздың даун синдромымен туғанына қарамастан бірден бауыр басыпты. Майра Сүлееваның өзі де дефектолог. Ақыл-есі кем балалармен жұмыс жүргізеді. Қазір ол Алинаның патронатты тәрбиешісі әрі нағыз анасындай.

Майра Сүлеева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бала үшін отбасымен өмір сүріп, оның ажырамас бөлшегі екендігін түсіну нағыз бақыт. Жетім қалған әрбір бала соны сезінсе екен деймін.

Баланы қамқорлыққа алу – үлкен жауапкершілік. Ал егер оның ақылы кеміс болса, тіптен қиын дейді Майра Сүлеева. Десе де, оның бәрі артта қалды. Енді Алина ыдыс-аяқ пен еден жуып, анасына үй шаруасында көмектеседі екен. Десе де Алина сияқты ақыл-есі кем болып немесе өзге сырқатпен туғандарды патронаттық тәрбиеге алатындардың қатары сирек. Ал дені сау балаларға деген сұраныс жоғары. Себебі, осындай жолмен ұл-қыз тәрбиелеп жүргендер көп жағдайда оларды асырап алып жатады екен.


Айткүл Кемебаева, Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы:

-Баланы патронаттық тәрбиеге алам деген адамның, үйі, тұрақты жұмысы болуы керек. Әрі дені сау, сотталмаған, арнайы мекемеде тіркеуде тұрмаған болуы қажет. Артынан құжаттар рәсімделіп, бала 18 жасқа дейін сол адамның қарамағында болады.

Осылайша бала біреудің қамқорлығына табысталғаннан кейін, мамандар оның өмірін бақылап отырады. Ал тәрбиешілерге жәрдемақы мен айлық та қоса төленеді. Сондықтан патронаттық тәрбиені табыс көзіне айналдырған отбасылар да жетерлік дейді мамандар. 

Loading...