Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді.
Ж.Күлекеевтің айтуынша, "елімізде білім беру саласында күрделі жаңартауларды жүзеге асыру талабы қойылып отыр, бірақ, парламенттің қолдауынсыз оны іске асыру аса қиындық тудырмақ".
Министр білім беру жүйесі мамандарына осындай мақсатқа "лайықты" адамдарды тауып, "солардың алдағы сайлауда парламентке өтуі үшін" нақты жұмыстар тындыруды тапсырды.