Елімізде жол ақысын төлей алмаған жасөспірімдерді автобустан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынды

Енді ата-анасынсыз балаларды қоғамдық көліктен ешкім мәжбүрлеп шығарып жібере алмайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Билетсіз жүрген баланы шығарып жіберсе қоғамдық көліктің жүргізушісі айыппұл арқалайды. Жаңа заң 4-шілдеден бастап күшіне енді.

Яғни, жанында ата-анасы не заңды өкілі жоқ 16 жасқа толмаған жасөспірімдерді автобустан мәжбүрлеп шығаруға болмайды. Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық қорғаншылық органдарына хабарласуы тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.

Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді.