Шара барысында жолдарда параға жол бермеу жөнінде ұйымдастырушылармен ұстанымы бірдей автокөлік иелері көлігінің антеннасына ақ лента байлап жүрмек.
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, әр қалада 200-ден астам еріктілер жанар-жағармай бекеттері, базарлар, автотұрақтар мен автокөлік иелері жиналатын басқа да жерлерде болмақшы.
Осындай шара ұйымдастыру жөніндегі бастаманы "Отан" саяси партиясы көтерген.