Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елімізде жүргізуші куәлігін оңды-солды заңсыз жасап, сататындар көбейіпті. Тіпті, кейбіреулер әлеуметтік парақшаларына бақырайтып жазып, тұтынушы іздейді екен. Тек сұраған ақшаларын шотқа аударсаң болды, құжат бірнеше күнде дайын болады. Осылайша, делдалдар таныстары арқылы қалталарын қампайтып, бір байып қалатын көрінеді. Ақшаны ауадан жасап отырғандарға қандай жаза бар?
"Жүргізуші куәлігін оп-оңай алып беремін. Оны оқымай-ақ қойсаңыз да болады". Дәл осылай жазып, әлеуметтік желіде жар салғандар көп. Мәселен, мынандай. Ал, мамандардың сөзіне сүйенсек, жол ережесін арнайы оқып үйренбеген адам үшін көлік жүргізу кәдімгідей машақат. Өзінің ғана емес, өзгенің өміріне де қауіп төндіреді - дейді олар. Ременьді салыңыз. Руліңізді дұрыстап ұстаңыз. Жүріңіз. - Ендеше, кеттік!
Көлік жүргізуді білмесең куәлікті сатып ал! Интернет осы мәндес хабарландыруларға толы. Осындай қызметті қуана ұсынғандарға мән-жайды анықтау үшін хабарласып көрдік.
-"Алло, да, да!
-Алло,саламатсыз ба! Мен сіздің нөміріңізді интернеттен алып едім. Водительский права жасату туралы.
-Мхм, иә, иә.
-Жасайсыздар ма?
- Аха жасаймыз. Қалғанын қараңыз енді. Сізге өзіңізге ме?
- Иә, өзіме.
- 3*4 сурет керек 3,4 штук. Одан кейін удостоверения личности обязательно керек болады. Одан кейін соткама лақтырасыз ақша. Жазылып тұр ғой ар жақта иә? Басы 30 мың лақтырсаңыз болады".
Яғни, сұраныс бар. Бағасы да арзан. Тіпті, 3 ай оқу оқып, қағаз мүжімейсіз. Тақтаға телмірмей-ақ, 3 тәулік ішінде толыққанды көлік жүргізушісі атанасыз. Емтиханнан өте алмай, ешкім әуре болмайды. Алайда, автомектеп оқытушысы Төлеген Ибатуллин бұны "нағыз заң бұзушылыққа" балады. Себебі, жүргізуші жолдағы адамдардың барлығының тағдырына тікелей жауапты. Егер оқушы сынақ кезінде 40 сұрақтың 32-не дұрыс жауап бермесе сертификат алмайды" -дейді.
ТӨЛЕГЕН ИБАТУЛЛИН, АВТОМЕКТЕП ӨКІЛІ: “Сертификат оқып-бітірілді, школьный экзамен тапсырылды. Вождениясының бәрі тапсырылды. Сол кезде ғана біз ондай сертификат бере аламыз. Если вождениясын тапсырып бітіре алмаса біздің оқушыларымыз либо тестімізді тапсыра алмаса біз ондай сертификат беруге қақымыз жоқ”.
Жүргізуші автомектептегі сынақтан өткен соң, мамандандырылған арнайы орталыққа келіп тағы емтихан тапсырады. Одан өтпеген жағдайда, куәліктен қағылады. Алайда, қайта тапсыруға құқылы, дейді мамандар.
ЕРКЕБҰЛАН АМАНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Келіп құжаттамаларды тапсырады. Құжаттамаларың ішінен бізден талап етілетіні жеке куәлік. Егер де қызмет алушы А және Б категорияларын алатын болса жеңіл автокөліктеріне . Бізге келіп теория және практика экзамендерін тапсырып жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар".
Ал, заңгердің сөзінше,бұндай құжаттарды жасаушылар алаяқ болып есептеледі екен. Егер кінәсі әшкереленсе жаза бар.
ДУМАН ДҮЙСЕНБАЕВ,ЗАҢГЕР: ҚР-ның 190-бабының алаяқтық заңымен яғни бабындағы көрсетілген оларға жаза яғни мүлкілері тәркіленіп, 1 мың айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынып немесе 1 мың сағатқа дейін түзеу жұмыстары немесе соған сол мерзімге байланысты 2 жыл бас бостандығынан шектеу.
Ал, осындай құжатты ұйымдасып жасайтын сыбайлас топтың бары анықталса әр мүшесіне Қылмыстық кодекстің осы бабының 2-бөлімі бойынша 2 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынып, 4 жылға сотталады, дейді. Сондай-ақ, сатып алушы құжаттың заңсыз жасалатынын біліп тұрып келісім жасаса, ол да заң алдында жауап береді.