Негізі сатылымға 287 мемлекеттік мүлік қойылған еді. Бірақ ел ықыласы көбінесе активтерге ауған. Ал ірі ғимараттарға сұраныс жоқ. Мәселен, Алматыдағы Республика сарайы, «Жас Отау» неке сарайы сұраныстың жоқтығынан сатылымнан мүлдем алынуы да мүмкін. Ал «Қазақфильм» киностудиясы 3 миллиард теңгенің үстінде бағаланған. Оның 49 пайызы осы жылдың соңында жеке қолға өтеді деп күтілуде. Ескерте кететін жайт, ендігі мемлекеттік сауда тек электрондық жүйеде жүргізілмек. Әзірге, жекешелендіру шарасы қызу жүріп жатқан өңірлер деп Ақтөбе және Жамбыл облыстары аталуда. Ал Павлодарда бірде-бір мемлекеттік мүлік өтпепті.
Loading...