Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.
Оның айтуынша, алаяқтардың әрекеті нәтижесінде азаматтарға 3 млрд.теңгеден астам шығын келтірілген.
Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда. Ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру. Алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағаларын көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды.Биылосындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді, - дейді Жандос Сүйінбай.
Сондай-ақ, Жадос Сүйінбай интернет-алаяқтарға алданып қалмас үшін қауіпсіздік шараларын да ұстану керек екенін жеткізді.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге қауіпсіздік шараларды ұстану қажет. Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, таныстарынан немесе туыстарынан тауарды алуды және жіберуді сұраңыз, - дейді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.
Одан бөлек, елімізде соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артқан. Мұндай алаяқтыққа 500-ден аса азамат құрбан болған.