Елімізде жыл басынан бері жүзге жуық сайт жабылды

Елімізде жыл басынан бері лаңкестік пен экстремизмді насихаттағаны үшін 100-ге жуық сайт жабылған. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап, Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Прокуратураның сайтында: «Азаматтық істерді қарау натижиесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сhttp://astana.prokuror.kz/kazепаратизмнің кез-келген түрін үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған» делінген.

Аталған мекемедегілердің хабарлауынша, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап-арыз жолдапты.

Осы санаттағы азаматтық істерді аудандық сот қарап, талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Аталған Кодекстің 54-бабына сәйкес, Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы осы істерге прокурорды қатыстырып, тиісті ұйғарым жасаған.


Шешім заңды күшіне енді.