Ж.Досқалиевтің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі "аталмыш дерттің алдын алуға және оған шалдыққан жандарға жан-жақты көмек көрсетуге барын салатын болады". Осы мақсатпен республикада "Диабет" атты кешенді бағдарлама қабылданып жүзеге асырылуда деді министр. Бағдарламаның басты мақсаты науқастардың денсаулық сапасын жақсартып, жасын ұзарту, емдеу сапасын арттырып мүгедектікті азайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру болмақ. "Бұл бағдарламаның оңды нәтижелері көріне бастады деп қазір біз нық сеніммен айта аламыз,- деді Ж.Досқалиев.
Осы орайда денсаулық сақтау министрі 2002-жылдан бастап қант диабетіне шалдыққандарды емдеуде адам инсулині қолданыла бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, қан құрамындағы қант мөлшерін азайтушы препараттар мен бақылау құралдары жергілікті бюджет қаржысына сатып алынуда.