Еліміздегі ең эпатажды жігіттер

Caravan.kz отандық шоу-бизнестегі «эпатажға» толы жұлдызды жігіттердің тізімін жасады.

Есболат Беделхан

Байырғы әнші, бүгінде Ninety One тобының продюсері өзінің топ жігіттері дәріптейтін образды толыққанды сақтап үлгерген.

Ninety One

Q-pop атты жаңа отандық музыка жанрының негізін қалаушылары өзінің сырт келбетімен бірнеше рет жағымсыз сын көздің астында қалып үлгерген. Жігіттер ерекше киімдері мен шаш үлгілерімен қоғамның назарын өздеріне аударған. Алайда топтың қазақстандық шоу-бизнесте үлкен жеңістерге жеткеніне ешкім күмәндана алмайды.

Ян Рей

Танымал фотограф өзінің сырт келбетімен әрқашан қоғам назарына ілігіп жүретін жұлдыздар қатарында.

Рафаэль


Бұл стилист басқаларға қарағанда өзгерек десек, артық болмас. Ерекше жарқыраған киімдерімен қоса қоғамда ер адамға байланысты қалыптасқан дәстүрлі сырт келбетіне сай емес бейнесінің арқасында ол осы тізімнен өзінің лайықты орнын тауып отыр.

Сәкен Жақсыбаев

Дизайнер Жаксыбаев жаһандық трендтерден қалыспайды. Алайда қазақстандықтар оны түсіне бермейді.

Ринат Тәттібай

Бұл продюсер америкалық танымал әнші Леди Гага секілді ерекше түрлі-түсті костюмдер киюден ұялмайды. Онымен қатар, өзінің көпшілікке ұқсамайтын сырт келбетіне үйлесетін шаш үлгілері өзінің образына одан сайын үлесін қосуда.