Еліміздегі ең талантты жас жазушы анықталды

Жалпы, байқау төрт аталым бойынша өтті. Олар – «Ең жақсы проза», «Ең жақсы драматургия», «Ең жақсы балалар әдебиеті» және «Мәңгілік ел».  «Алтын тобылғы» сыйлығына жасы 35-ке толмаған қаламгерлердің  бұрын еш жерде жарияланбаған туындылары ұсынылды. Жас қаламгерлердің еңбегін сенатор, Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев бастаған қазылар алқасы бағалады. Аға буын қаламгерлерге «Мәңгілік ел» тақырыбына сай жазылған «Тұлпар сертін» ерекше  бағалап отыр. Авторы –  журналист  Есболат  Айдабосын шығарманы Қытайда оқып жүріп жазғанын айтады. Оған осы шығармасы үшін 1 жарым миллион теңге және медаль табыс етілді. Айта кету керек, бұл байқау енді жыл сайын өткізілмек.

Есболат Айдабосын, «Алтын тобылғы»  сыйлығының иегері:

-Бұл менің ғана шығармам емес, қазіргі қазақ жастарының прозасына берілген баға. Президент Қоры осында бір жақсы бастаманы бастап отыр. Алтын тобылғы ары қарай жалғасын тапаса, біраз жігіттер осы байқаудан шыңдалып шығатынына сенемін. 

Loading...