Еліміздегі ипотекалық несиенің сыйақы ставкасы біртіндеп төмендейді - Ә.Сәйденов

Ә.Сәйденов қазіргі таңда ипотекалық несиелердің сыйақы ставкасы төмендеу ағымы байқала бастағанын атап өтті. Бүгінде 12,5 проценттік өсіммен 10 жыл мерзімге несие алуға мүмкіндік бар деді ол. Осы орайда Ә.Сәйденов тұрғынүй құрылысы жинақ ақша банкі құрылғанын, онда несиелендіру ақысы тіптен төмен екенін атап өтті.

Ә.Сәйденовтың айтуынша, Ұлттық банк елімізде ипотекалық несие беру жүйесін дамытуға айрықша назар аударылып отыр, алайда, "несиелер ставкасы бойынша Еуропа елдеріндегі қазіргі көрсеткіштерге қол жеткізу мерзімі тұрғысында жорамал айту күрделі".
"Ол үшін тек еліміздегі қаржылық жүйе ғана емес, сонымен бірге жалпы экономика жоғары деңгейде дамуы тиіс",- деді Ә.Сәйденов.