Еліміздегі ішкі сауда айналымы 9 процентке өсті

Жалпы тауар айналымы құрылымында бөлшек сауда 44,8 процентті, толайым сауда 53,4 процентті құрайды. Агенттіктің хабарлауынша, өткен жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда бөлшек тауар айналымының көлемі 7,1 процентке, толайым сауда көлемі 10,3 процентке өсті.

2003-жылғыдай бөлшек тауар айналымының көлемі сусындар, соның ішінде спиртті ішімдіктер сату (жалпы көлемнің 5,3 проценті), ет және ет өнімдерін (5,1 процент), сүт өнімдері мен жұмыртқа (2,7 процент), жеміс-жидек және көкөніс (2,4 процент) , қант (2,1 процент) сату есебінен қалыптасты. Азық-түлік тауарларына жатпайтын өнімдер арасынан киім-кешек (9,7%) , аяқ киім (4,3%), тұрмыстық электр бұйымдар (3,0%), компьютер (2,1%) сату ең жоғары үлес салмаққа ие.
Республиканың толайым тауар айналымында сұйық және газ күйіндегі отын (жалпы көлемнің 22,8 проценті), фармацевтикалық және медициналық тауарлар (3,9%), қара металл (3,4%), құрылыс материалдары (3,1%) басымдыққа ие.