Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды. 

ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚКО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады", - делінген корпорацияның хабарламасына. 

"Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.