Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер бірыңғай киім киетін болады

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі дерек көзге сілтеме жасап, BAQ.kz хабарлайды.

Агенттікке мәлімет беруші қазір бірыңғай киімді енгізу мерзімі нақтыланып жатқанын, ал киім үлгісінің түрлі нұсқасы Елбасыға көрсетіліп, бекітіліп те қойған көрінеді.

«Бірыңғай киімді енгізу баяғыдан талқыланып келеді. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің киіміне қатысты шығынын азайтып, сыбайлас жемқорлық фактісін төмендетеді деп ойлаймыз. Киім тігілетін матаның арнайы сертификаты болатын болады, ол барлық санитарлық нормаға сай болуы шарт„ — дейді ол.


Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің киімі ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлау кезінде жария етіледі деп болжанып отыр.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік табыс комитеті өкілдері мен Алматы қалалық сот органы жұмысшылары баяғыда бірыңғай киімге көшіп қойғанын да еске саламыз.