Еліміздегі мұнайхимиясы саласында құны 29,5 млн. долларды құрайтын 11 жеңілдетілген инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Ел экономикасының шикізаттан тысқары секторындағы басымдық берілген салаларда инвестициялық іс-қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаларға преференциялар беріледі. ҚР үкіметінің қаулысымен экономика секторындағы іс-қызметтің 235 түрі бекітілген.

2005-жылдан бері елімізде корпоративтік кіріс және мүлік салықтары бойынша инвестициялық преференциялар белгіленген. Корпоративтік кіріс салығы бойынша преференция мерзімі 1-5 жылды құрайды және оны жер және мүлік салығы бойынша инвестор айқындайды. Сонымен бірге инвесторға жылдық жиынтық кірістен активтерді пайдалану құнын алып тастау құқығы 5 жыл мерзіммен беріледі.
Жеке инвестицияларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету ҚР "Инвестиция туралы" заңы мен Салық, Кеден және Жер Кодекстері аясында жүзеге асырылады.
Е.Арыновтың ақпараты бойынша, 1997- жылдан бері Қазақстанда жалпы көлемі 3,7 млрд. долларды құрайтын жариялы инвестиция жөнінде 494 келісім-шартына қол қойылды. 138 келісім-шарты аяқталып, 87 келісім-шарты бұзылды. Қазір Қазақстанда 3 млрд. доллардың 269 келісім-шарты жүзеге асырылуда.
ҚР "Инвестиция туралы" заңы қабылданған 2003-жылдың қаңтарынан бері республиканың шикізатқа жатпайтын секторында 1,1 млрд. доллардың 151 келісім-шартына қол қойылды.