Еліміздегі өндіріс нысандарында бір тәулікте бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Усть-Таловка ауылында мыс-химиялық комбинатының кен байыту фабрикасында "КРАЗ" автокраны аударылып қалды. Соның салдарынан 46 жастағы краншы қаза тапты.

Тағы бір оқыс оқиға Қарағанды облысының Топар ауылында болды. "Ұлан" өндірістік кооперативтінің жұмысшысы дәнекерлеу жұмыстары кезінде аяғын күйгізіп алып, ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті