Бұл туралы әлеуметтік желіде Едіге Ахмет жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ол өз парақшасында былай деген:
"Хабар телеарнасының бағдарламасына шақырылған М. Шевченконың алдында ұят болды. Ресей депутаты никонов, педоровтың сөзін талқылауға шақырылған М. Шевченконың ресейге қарсы сөздерін бірнеше рет бөліп, айтқызбаған Хабар агентігінің тележүргізушісі Д. Олейниковтың кімнің сойылын соғып жүргені белгілі болған шығар. Орталық арнадан, бүкіл қазақтардың атынан сөйлеуге кім құқық берді? Олейников "мырза" өз әдепсіздігін, бейкәсіби журналист екенің көрсетті. Бұл ресейшіл тележүргізуші М. Шевченконың алдында, иә болмаса Хабар агентігінің басшылары М. Шевченконың алдында кешірім сұрау керек"
Еске салсақ, РФ-ның Дума депутаттары Никонов пен Федоров "Қазақстаның жері сыйға алынған" деп даулы мәлімдеме жасаған болатын.