Еліміздегі президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өтеді - Орталық сайлау комиссиясы (толықтырылған нұсқа)

З.Балиева президент сайлауын өткізу мерзімі ҚР Ата заңында көрсетілгенін еске сала кетті. "Конституцияға сәйкес президент сайлауы қазіргі президенттің өкілеттілік мерзімі аяқталған жылдың желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өткізілуі тиіс",- деді Орталық сайлау комиссиясының төрайымы.

Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттілік мерзімі 2006-жылдың 20-қаңтарында аяқталады, демек, жаңа президентті сайлау мерзімі 2006-жылдың тамыз айында жарияланып, сол жылдың желтоқсан айында сайлау өткізілуі тиіс, деді комиссия төрайымы. "Осы бағыттағы тәртіптер мен процедураға әзірге өзгеріс енгізілген жоқ",- деді З.Балиева.
Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясының төрайымы президент сайлауы кезінде ауылдық округтерде "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесі қолданыла ма, жоқ па деген мәселе әзірге шешілмегенін хабарлады. "Егер 2006-жылдың желтоқсан айына дейін ауылдық округтердегі коммуникациялық жүйе жолға қойылатын болса, онда жүйе қолданылады",- деді ол.