Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина елімізде болған қақтығыстан алдын іссапармен Түркияға ұшып кеткен. Елі үшін жанын шүберекке түйіп, жылап та алған. Ол жерде әулие-әмбиелердің басына барып құран бағыштап, елдің амандығын тілеп, құрбан шалғанын тәптіштеп баяндап берді.
"Елдегі жағдайдың алдында іссапармен Түркияға ұштым, 1 аптаға. Келіп алған соң, телефонды бағып тек жаңалық қараумен болдық. Керекті кездесулер өтіп, құжаттарға қол қойдым. Бірақ көз құлақ, жүрек бәрі ел жақта болды. Ішім ішіме сыймай, жылап та алдым.
“ Уайымнан у іштім” - деген екен ақын. Тура сол, не жеп, не қойғанымызды білмей, уайым басты.
⠀
Сонда жақын достарымыз
“ Қарақааат, осы жақта Конья деген қала бар. Әулиелер өткен, Мәулана Жалаладдин Румидің кесенесі, Ахмет Яссауидің шәкірттерінің жатқан жері, діни білімнің ордасы. Арнайы зиярат ниетімен барып, ел үшін дұға етейік?!”
⠀
6-7 сағаттық жол екен . Күн жауын. Ұсыныс көңілге қона кетті.
⠀
Бісмәллә деп, таңмен жолға шықтық.Жол бойы бір ерекше күйдеміз. Көңілдің босағаны-ай… Ана жердегі аураны, энергияны сөзбен айтып жеткізе алмаймын-ау! Руханияттың иісі.
⠀
Мәуләна Джалалуддин Руми кесенесі,
Румидің рухани ұстазы - Шамсуддин Мухаммад Тибризи, Мухаммад Садруддин АльКоньяуи мешіті - Құран оқып, дұға етіп, зияратымызды жасадық.
⠀
Сол жерде “Ел амандығы үшін” деп үлкен қошқарды құрбандыққа сойғызып ниет еттікте,етін сол жердегі үлкееен діни ошақ- медреселерде ілім-білім алып жатқан қазақ отбасыларына үлестірдік..
Алла қабыл еткен болсын!
⠀
Сонан соң анасы жағынан да, әкесі жағынан да тікелей Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)
ұрпағы әкесі Хасан р.а дан,анасы Хусеин р.а дан тараған, үлкен ғұламалардың бірі, ақида, фиқһ, ихсан жайлы 9 кітап жазған, Мухаммад Баhауддин Аз-Зуғби ұстазға арнайы барып амандастық, батасын алдық. Пайғамбарымыздың ұрпағын көзбен көру, есту де нәсіп болған екен.
⠀
Бір қызығы дәл сол күні қасиетті мекенге Түркия Президенті Тайып Ердоған да келген екен, бізден 15 минут бұрын аралап шығыпты, жиі келетін жері дейді.
⠀
Пайғамбарымыздың ұрпағы өте үлкен сабақ болатын әңгіме айтты. Бұл жерге жазуға келе ме, келмей ме білмеймін. Жөн десеңіздер жазармын. Ойыңыз керек!
⠀
Зияратта елге амандық, Отанға тыныштық, қазаққа бақ-береке тіледік. ӘУМИН деп үн қосыңыз, Жақсы Адамдарым!, деп жазды әнші желідегі парақшасында.