Еліміздегі қоқыс көлемі 30 млрд тоннаға жуықтайды

Ал оларды көмуге арналған полигондар санитарлық талаптарға сай емес. Бүгін астанада депутаттар, эколог мамандар мен сарапшылар бас қосып, қоршаған ортаның жағдайын талқылады. Жиын барысында ауаға таралатын парниктік газдың мөлшері де шамадан тыс екені белгілі болды. Жиналғандар тығырықтан шығудың тиімді жолы – қалдықты қайта өңдеуге көңіл бөліп, ауаны ластайтын өндіріс орындарын жауапқа тарту керек дейді. Мамандардың айтуынша, елімізде қалдықтардың тек 12%-ы ғана өңделіп, кәдеге жаратылады. Осы ретте мәжілісмендер талапты қатайтып, заңды күшейтуді ұсынды. Өйткені бүгінде қоршаған ортаға залал келтірген кәсіпорындар бар болғаны 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл төлейді, - деп хабарлаайды 
http://24.kz/kz