С.Әбдірахмановтың айтуынша, еліміздегі барлық БАҚ-тарды бір жерде жинаған Қазақстан журналистерінің конгрессі - БАҚ маңызының арта түсу көрсеткіші, Қазақстанның ақпараттық қоғамдастық аясын кеңейту жолына ден қоюының дәлелі болмақ.
"Қазақстандық БАҚ-тар халықтың сенім үдесінен шыға білу үшін бар күшін салды. Еліміздің журналистері азаматтық қоғам қалыптастыру ісінде ешқашан керенаулық танытқан емес",- деді С.Әбдірахманов. Ол өз сөзін былай деп сабақтады: "Журналистер өзінің сындарлы сөзімен еліміздегі оңды өзгерістерді қолдауы тиіс. Сынның әсері күшті болғанымен, тиімділігі төмен. Кейбір БАҚ-тар тіпті жаңа кеніштер мен жаңа жол тораптарының ашылуы турлы ақпаратты елеп-ескермейді. Ал қайсыбір журналистер отаншылдық сезімнен жұрдай".