Еліміздегі таза зейнетақы активтері шілде айында 1,09 процентке артып 2158,4 млн. долларды құрады

2003-жылдың шілде айында елімізде зейнетақы активтерін басқару жөніндегі 8 компания мен 16 зейнетақы жинақтаушы қор жұмыс істеді.

Басқарудағы активтерінің көлемімен еліміздің зейнетақы рыногінде Мемлекеттік Зейнетақы Жинақтаушы Қоры - 25,8%-тік үлеспен бұрынғыдай жетекшілік роль атқарса, Қазақстан Халық банкінің зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниясы 23,7%-пен екінші орында, Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі "Жетісу" компаниясы 19,8% үлеспен үшінші орында келеді.
1-тамыздағы жағдаймен зейнетақы активтері мынадай қаржылық құралдарға инвестиция ретінде салынды : ҚР қаржы министрлігінің ұзақ мерзімді ішкі мемлекеттік бағалы қағаздарына 12,31%, Қазақстанның дербес қарыздық еурооблигациясына 16,33%, Қаржы министрлігі мен ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ішкі мемлекеттік құнды қағаздарына 26,36%, еліміздің жергілікті атқарушы органдарының облигациясына 0,37%, шетелдік эмитенттер акциясына 0,82%, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес облигацияларына 2,09%, шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздарына 2,73%, халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарына 6,17%, қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарына 4,12%, қазақстандық компаниялардың облигацияларына 22,62%, депозиттер мен депозиттік сертификаттарға 6,07%-і инвестиция ретінде салынды.