Еліміздегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 60 процентке жетті

"2003-жылы бұл көрсеткіш 53 процентті құраған",- деді ол. Оның айтуынша, бүгінде ауылдық жерлердегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 30 процентті, қалалық жерлерде 67,4 проценті құрайды.

Қайрат Кәрібжановтың хабарлауынша, 2005-жылдың алқашқы жартысында 50-ден артық тұрғыны бар 886 ауылдың 350-і телефон желісіне қосылды. Өткен жылы компания қаржысының есебінен 277 елді мекен телефон байланысымен қамтамасыз етілді.