Еліміздегі жұмыссыздарға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін алты айдан төрт айға дейін қысқарту жоспарда бар. Журналистер министрден мұның қаншалықты орынды-орынсыз екенін сұрады.

"Бізде пандемияға дейін төрт ай болған, яғни біз осы мерзімге қайта ораламыз (шамамен ескі нормаға – ред.). Электрондық еңбек биржасында айына 117 мың бос жұмыс орны орналастырылады. Сондықтан ұзақ уақыт жұмыссыз жүру мүмкін емес және біз бұл арада мерзімді қысқартып қана қоймай, осы кезеңде жұмыссыз азаматқа оның мамандығы бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынамыз", – деді Асқарбек Ертаев.