Еліміздің бас сейсмологы жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары 3-4 балды сезді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аймағы үшін күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз», — деді Дәулет Сәрсенбаев.